09-02-24 |
20510 рет қаралған
 «Бәйтерек» холдингінің басшысы болған Рустам Қарағойшин кім?.
 «Бәйтерек» холдингінің басшысы болған Рустам Қарағойшин кім?

Рустам Қарағойшин «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы болып тағайындалды. Жаңа төраға кім және бұған дейін немен айналысты?

Чиновник телеграм каналының жазуынша, Рустам Қарағойшин 2023 жылы Forbes Kazakhstan нұсқасымен Қазақстанның топ-50 ықпалды кәсіпкерінің қатарынан көрінген.

Бұған дейін ол қаржы институты төрағасының орынбасары болған, 2021 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысады.

Ол кезде «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС басқарып, «Kazakh Agro Production» компаниясының иесі болған. Ол Индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннің ұлы.

«Дәл осы Қарағойшиндердің есімдері Астанадағы жылу магистралі учаскесіндегі Дублин тұрғын үй кешенінің шулы құрылысына байланысты БАҚ-та кеңінен тарады. Жылу трассасын кіші Қарағойшин басқаратын «В.Д.Строй-инжиниринг» серіктестігі салды. Тапсырыс беруші – Астана қаласының Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Ол кезде әкесі құрылыс жобасын бекіткен «Мемсараптама» РМК-ны басқарды. Тимур Қарағойшин 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың наурызына дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болды», – деп жазды телеграм канал.

Сыбайлас жемқорлықпен күресіп жүрген белсенді Дидар Смағұлов Қарағойшиннің келісілген келісім-шартты әкесінен қалай заңды түрде алғанын тексеру үшін «Антикорға» хабарласуға уәде берген болатын. Бірақ содан бері үнсіз жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.