13-03-21 |
360 рет қаралған
БҰҰ: Әлемде миллиондаған адам қатты аштық пен өлімге душар болады.
БҰҰ: Әлемде миллиондаған адам қатты аштық пен өлімге душар болады

Біріккен ұлттар ұйымы әлемде аштықтан азап шегетін адамдар саны көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұйымның бас хатшысы Антониу Гуттереш тұрақсыздықтың салдары 2021 жылы да күтілетінін жеткізді.

«2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша 88 миллионнан астам адам қақтығыстар мен тұрақсыздық салдарынан аштықтан зардап шекті. Көрсеткіш жыл ішінде 20 пайызға өсті. 2021 жылға жасалған болжам да осы үрейлі үрдістің жалғасатынын көрсетеді. Егер жедел қадам жасамаса, онда миллиондаған адам қатты аштық пен өлімге душар болады. Болжамдар аштықтың Сахель мен Африкалық Рог аймағында таралып, Оңтүстік Судан, Йемен және Ауғанстанда өрши түсетінін көрсетеді», – дейді Антониу Гуттереш.

РИА Новости мәліметінше, Антониу Гуттереш әлемде 150 мың адамның аштықтан өлу қаупі бар, 16 миллион адам азық-түлік қауіпсіздігінің жоқтығына тап болуы ықтимал деген болжам жасады. Ол Йемендегі бес жылдық қақтығыстарға байланысты төрт миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын еске салды. Осыған байланысты биыл Йемендегі 2,3 миллион бала аштықтан зардап шегуі мүмкін.

Бас хатшы әлемде аштықтың алдын алу бойынша жұмыс тобын құрғанын хабарлады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.