20-06-22 |
330 рет қаралған
Депутат үкіметке 100 миллиард теңгені халыққа үлестіруге кеңес берді.
Депутат үкіметке 100 миллиард теңгені халыққа үлестіруге кеңес берді

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов бағаны ұстай алмай отырған үкіметке ақшаны сауда желісіне емес, халыққа тарату керектігін көтерді.

Мәжілісмен келтірген дерекке сүйенсек, бағаны ұстап тұруға бөлінген 100 миллиард теңгенің еш пайдасы тимеген.

Аманжан Жамалов үкімет бөлген қаржының 81 миллиарды сауда желілеріне несие беру үшін, ал 16,8 миллиард теңге тұрақтылық қорларын жасау үшін жұмсалғанын нақтылады.

«Пайдасы жоқ. Одан да бұл қаржыны тікелей халыққа таратып берген дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық адам кедейлікте өмір сүріп жатыр. Бағаның көтерілуінен бірінші солар зардап шегеді. Егер бағаны ұстап тұра алмасаңдар, тікелей халықты қолдаңдар, әлеуметтік қорғалмаған топқа субсидия беріңдер. Ақшаны сауда желісіне таратқанға қарағанда пайдасы көп боларына сенімдімін», – деді депутат. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.