24-02-21 |
520 рет қаралған
Елімізде айына 500 мың теңгеден аса зейнетақы алып отырғандар бар.
Елімізде айына 500 мың теңгеден аса зейнетақы алып отырғандар бар

Қазақстандағы ең көп зейнетақы мөлшері белгілі болды. Елімізде айына 522 610 теңге зейнетақы алатындар бар.

2021 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ 167 423 алушыға төлем жасады. Барлығы 73,8 млрд теңгеге 172 мыңнан астам зейнетақы төлемдері, біржолғы зейнетақы төлемдері және сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.

Оның ішінде:

  •  Біржолғы зейнетақы төлемдері – 49,6 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 9,1 миллиард теңге;
  • зейнеткерлік жасқа толу бойынша төлемдер – 6,5 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 5,9 миллиард теңге;
  • тұрақты тұруға кетуге байланысты – 2,1 миллиард теңге;
  • жерлеуге төленетін төлемдер – 0,4 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 миллиард теңге.

Айта кетейік, кесте бойынша зейнетақы жасына жетуіне байланысты ай сайынғы орташа төлем сомасы 25 886 теңгені құрады,  ал ең жоғарғы төлем – 522 610 теңге.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.