15-02-24 |
5460 рет қаралған
Елімізде ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды.
Елімізде ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде айтты.

Оның айтуынша, еліміздегі ақылы жолдардың тарифі көтеріледі. Биыл тағы 1 800 шақырымды жаңа учаскеге ақылы жүйе енгізіледі. Сондай-ақ ол тарифті арттыру жағы қарастырылып жатқанын айтты.

«2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгерген жоқ. Өткен жылы 20 пайызға қымбаттады. Біздің тарифті көрші елмен салыстырсаңыздар, Қазақстанда – 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде – 7 теңге. Сіздер салық төлеушілердің емес, «ҚазАвтоЖолдың» бюджеті есебінен болғанын қалайсыздар ғой. Онда бір ғана жолы бар, ол – ақылы жолдар тарифін көтеру», – деді министр.

Оның айтуынша, тарифтің көтерілуі жолды күтіп ұстаудың сапасын арттыруға жаңа техника сатып алуға жағдай жасайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.