27-02-20 |
370 рет қаралған
Коронавирус Қазақстанға келуі мүмкін – министр.
Коронавирус Қазақстанға келуі мүмкін – министр

фото: tengrinews.kz

Қазірге дейін әлемнің қырықтан астам еліне тараған коронавирус Қазақстанға да келуі мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты деп жазады tengrinews.kz.

«Қырыққа жуық елде инфекция бар. Әлі өсіп жатыр. Инфекция Қазақстанға да келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, соған дайындалып жатырмыз. Біз үшін бұл жағдайда елдің үкімет жасап жатқан жұмыстарды түсінгені керек. Бұл маңызды. Себебі біз осыған дейін ақпараттық бұрмаланып тарап, ол елдің наразылығын тудырғанын білеміз. Бағымызға қарай, кісі өлімі болмады. Бірақ мұндай ситуация қайталанбауы тиіс» деген министр.

Қазіргі кезде әлемде 82 мың адамға коронавирус жұққан. Инфекциядан  2801 адам қайтыс болған. Ал 32  адам инфекциядан толық айыққан. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.