29-01-21 |
400 рет қаралған
Министр Сапархан жер мәселесін шешкісі келмей ме?.
Министр Сапархан жер мәселесін шешкісі келмей ме?

Жер мәселесіне қатысты ойын ашық жеткізіп жүрген қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Жер комиссиясының құрамына кірмеген, деп хабарлайды Arasha.kz. Ол бұл туралы Facebook парақшасында хабарлады.

«Мен естуімше, Сапархан Омаров мырза, ауыл шаруашылық министрі, президент жариялаған Жер комиссиясының құрамына мені кіргізгісі келмей жатыр. Ол түсінікті, менің көзқарасым министрдің көзқарасына қарама қайшы ғой.

Бірақ Жер мәселесі тек сіздің жеке мәселеңіз емес, немесе тек Атамекен ұйымының, немесе тек фермерлердің. Жер – жалпыұлттық мәселе. Мен сіздің жеке отбасылық тойыңызға барайын деп тұрған жоқпын. Жер мәселесімен міне 5 жыл айналысып келе жатырмын. 2016 жылы сәуір айында сол жер митингісін ұйымдастырғаным үшін мені полиция 2 рет үйімнен алып кететін жайттар болды»,- деп жазды ол.

Қоғам белсендісі жер мәселесін министрліксіз де шешуге дайын екенін жазды.

«Комиссияға кіру, Жер мәселесін түбігейлі аяғына дейін жеткізу – ол менің моралдік құқығым, халықтың алдында – үлкен парызым. Маған кедергі жасамаңыз, немесе өзіңізге ауыр тиеді.

Әділетсіз сайлау, сыбайлас жемқорлық – бұл мәселелер уақытша ғана. Ал Жерсіз мемлекетіміз құриды, ыдырап кетеді. Кейбіреулердің арманы – жерді меншікке сату – түбі соған апарады. Ал біз оған жол бермейміз.

Комиссия арқылы болмаса, Жер мәселесін біз басқаша шешуге кірісеміз. Қалай болса да, халықтың талабын орындалуын қамтамасыз етеміз. Сондықтан мәселені үлкен қақтығысқа апармай үстелдің басында шешкеніміз жөн»,- деп жазды ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.