13-06-20 |
1090 рет қаралған
Министрлік шошқа шаруашылығына қатысты ақпарат таратты.
Министрлік шошқа шаруашылығына қатысты ақпарат таратты

фото: kazakh-zerno.net

Үкіметтің шошқа шаруашылығына бөлетін субсидия көлемінің көптігі жайлы тележурналист, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының «Ашық алаң» ток-шоуының жүргізушісі Мақсат Толықбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видео хабарлама жасағаннан кейін ол мәселе әлеуметтік желі қолданушылар тарапынан бірнеше күн қызу талқыланды.

Ал 11 маусымда ауылшаруашылық министрлігі шошқа шаруашылығы субсидиясына қатысты ақпарат таратты.

Онда: «Қазақстанда 2018 жылдан бастап шошқа етін өндіруді субсидиялау  тоқтатылған, бұл шошқа өндірісіне мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемінің 2 есе азайғанын көрсетеді. Қазіргі уақытта салада тек екі субсидия бар: асылдандыру мен өсіруге кеткен шығындарды өтеу. Алайда, өткен жылы бұл субсидияны  тек бір шаруа қожалығы ғана пайдаланып, небары 6 бас мал алынды.

Салыстырмалы түрде, 1991 жылы Қазақстанда 2,9 миллион бас шошқа болған, ал 2018 жылы – 800 мың ғана. 2019 жылға қарай Қазақстандағы шошқа санының артуы, шошқа еті экспортының өсуіне әсер етті. Егер 2017 жылы Қазақстан шетелге 300 тоннаға жуық ет сатса, былтыр ол 800 тоннаға жетті. Осы кезең ішінде шошқа етінің ішкі тұтыну үлесі 8% төмендеді» делінген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.