02-06-20 |
520 рет қаралған
Қазақстан ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастырмақ.
Қазақстан ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастырмақ

Қазақстанның авиациялық индустриясы» ЖШС ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрастыратын өндіріс ұйымдастырмақшы екен. Бұл туралы  индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

2016 жылы құрылған «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС заманауи авиациялық кәсіпорны 2020 жылы еліміздің мемлекеттік органдарын қамтамасыз ету үшін тиімділігі жоғары көпфункционалды ұшқышсыз ұшатын аппараттарды құрастыратын өндірісті ұйымдастыру жоспарланып отырған көрінеді.

Кәсіпорынның штаты соңғы жылдары 2 есеге артып, 200 адамға жуықтаған. 2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет отандық кәсіпорын Ан-72, Су-25 Су-27, С-295 ұшақтарында регламенттік жұмыстарды орындаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.