30-07-20 |
940 рет қаралған
Қазақстандық графикалық дизайнер Польшада ел намысын қорғамақ.
Қазақстандық графикалық дизайнер Польшада ел намысын қорғамақ

Бүгінгі күннің жастары әлемдік алаңдарды бағындырғанына куә болып келеміз, олар өздерін мықты жағынан көрсетіп ел мақтанышына айналуда.

Биыл «Логос-Қарағанды мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігімен «Шығармашыл жастарды қолдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жоба дарынды жастарға, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету үшін жағдай жасау мақсатында гранттар беруге бағытталған. Әлеуметтік жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде іске асырылуда

Жоба аясында 14-29 жас аралығындағы дарынды қазақстандықтарға республикалық байқаулар мен фестивальдарға қатысуға 200 мың теңге көлемінде 30 грант және халықаралық байқаулар мен фестивальдарға 700 мың теңге көлемінде 20 грант ұтып алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жобаға түрлі өнер саласының мамандары қатыса алады, мысалы, цирк өнері сияқты бағыттары да назардан тыс қалмаған. Біздің кейіпкеріміз жас графикалық дизайнер  Айшабибі Жанәбілова да осы гранттар жобасына қатысуға бел буды.

«Мен бала кезімнен шығармашылыққа жақын болдым және дизайнның әртүрлі бағыты бойынша республикалық байқауларға қатыстым. Бұл жолы өзімді графикалық дизайнда сынап көруді шештім, себебі бүгінгі күні ол саламыздың маңызды бағыттарының бірі. Жұмыстың негізгі бөлігін еліміздегі әлеуметтік мәселелеріне арнадым», – деді Айша.

Жеңіске жеткен жағдайда Айша Польшада графикалық дизайн байқауына қатысуды жоспарлап отыр.

«Бұрын мен халықаралық байқауларға қатысқан емеспін, себебі ондай шарлар көп қаражатты қажет етеді. Сол себепті дарынды балалардың өздерін көрсету үшін елден тыс жерлерге шығуға мүмкіндігі жоқ. Ал осындай гранттар жобасы жастарға үлкен мүмкіндік береді. Оның үстіне, би немесе вокал сияқты бағыттарға қарағанда, графикалық дизайн елде белсенді дамымаған. Соған орай мемлекеттік гранттар үлкен серпіліс береді және көптеген адамдарды ынталандырып жаңа мүкіндіктер сыйлайтыны сөзсіз», – деп түйіндеді қыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.