11-08-21 |
350 рет қаралған
Қазақстандық кәсіпкерлер Қаржы министрін отставкаға жіберуді сұрайды.
Қазақстандық кәсіпкерлер Қаржы министрін отставкаға жіберуді сұрайды

Қазақстанда 2023 жылдан бастап әрбір тауар өндіруші өз өнімдерін таңбалауға міндеттелді. Кәсіпкерлердің айтуынша, тауарды таңбалау – тағы да қымбатшылыққа алып келеді. Осылай деп дабыл қаққан бір топ тауар өндіруші бүгін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев отставкаға кетсін деп талап қойып отыр. Бұл туралы “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды. 

 

Кәсіпкерлер тауарларды жаппай таңбалаудың ешқандай қажеті жоқ деп отыр. Өйткені баға одан сайын аспандап кетеді. 

Неге десеңіз жаңа бағдарламалары, жаңа пилоттық жобалары оның шығыны өте көп. Ал ол шығын ертең баға түседі. Бізге қиындық жасап отырған, бізді естімейтін, бізбен қатынаспайтын министр Ерұлан Жамаубаевты, содан кейін ол кісінің орынбасары Сұлтанғазиевті жұмыстан алып тастасын дейміз”, – дейді  Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы Жібек Әжібаева. 

Кәсіпкерлер егер таңбалауда қателік кететін болса тұтас өнім жарамсыз болып қалады деп шырылдап отыр. Ал «маркировка» үшін тауарға қосылатын міндетті төлем үстеме салықпен бірдей екен. Алайда экономистер кәсіпкерлердің бұл жанайқайымен келіспейді. 

Қарапайым ғана мысал, біздегі сүт өнімдерінің көлеңкелі экономикадағы үлесі 50 пайыздан асып кеткен. Яғни біздің алатын әрбір айранымыз, сүт өнімдерінің сегізіншісі сапасыз. Ол жаңағы сапасына жауап бере алмай, екіншіден, қандай жағдайда өндірілгені туралы ешқандай ақпарат жоқ. Яғни, біз маркировка жасайтын болсақ, осының барлығының алдын аламыз”, – дейді экономист Бауыржан Ысқақов. 

Жалпы таңбалау дегеніміз, әр тауардың қайда, қашан, қалай өндірілгенінен, дүкенге дейін жүріп өткен жолына дейін көрсететін арнайы штрих-код. Сол таңбалауды жасағаны үшін әр өндіруші өзінің тауарына, ең кемі, 4-5 теңге төлейтін болады. Бірақ, жаппай таңбалау енгізілмей жатқан күннің өзінде қазір азық-түлік қымбат. Мысалы, бір ғана Ақмола облысында шілде айында қант 198 теңгеден 270 теңгеге, құс етінің бір келісі 980-нен 1200 теңгеге өскен.

Тауар өндірушілердің үкімет енгізіп жатқан түрлі пилоттық жобаларға да көңілдері толмай отыр. Саудагерлер қауымдастығының мәліметінше жаңа талаптардың кесірінен жыл сайын 5-8 мың шағын және орта кәсіпкер тақырға отырады. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.