07-10-24 |
2360 рет қаралған
Референдумға қатысқандардың 71,12%-ы АЭС салуды қолдады.
Референдумға қатысқандардың 71,12%-ы АЭС салуды қолдады

Сайлауда дауыс бергендердің 71,12%-ы АЭС салуды қолдады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

«Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе 63,66% құрады. Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% болды», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.