10-09-18 |
11480 рет қаралған
Шаханов пен Исабеков орысша сөйледі.
Шаханов пен Исабеков орысша сөйледі

Бүгін Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақ ПЕН клубының ұйытқы болуымен халықаралық жазушылар форумының бірінші күнгі отырысы өтті. Форумға 17 елден 70 жуық қаламгер қатысып жатыр. Жиынға қатысқан ақын Мұхтар Шаханов орысша өлең оқып, жазушы Дулат Исабеков орысша сөз сөйледі. Шахановты тұтас қоғам қазақ тілінің қорғаушысы, тіл жанашыры деп таниды. Мәселен, 2011 жылы abai.kz сайтында шыққан шағын сұхбатында: «Тіл, ұлт мүддесіне немқұрайлы қарайтын азаматтарды қазақ деп есептемеймін!» деп айтқан. Жеті жылдан кейін ол Қазақстанда, Алматыда өтіп жатқан форумда орысша өлең оқыды…

Muhan minberde…

Опубликовано Нұртөре Жүсіп Понедельник, 10 сентября 2018 г.

Жазушы Дулат Исабековті де көпшілік тіл жанашыры ретінде жақсы біледі. Айталық, жазушы 2012 жылы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында: «Маған ең қымбаты – ұлттық намыс» деген екен. Біз білсек, ұлттық намыс ұлт тілінде сөйлеуден басталады. Бірақ халықаралық жазушылар форумында Д.Исабеков те орысша сөйледі.

Dulat Isabekovtin sozi

Опубликовано Нұртөре Жүсіп Понедельник, 10 сентября 2018 г.

Жиында сондай-ақ, ақын Олжас Сүлейменов те орысша сөйледі. Ұзақ жылдар бойы қазақ тілінің проблемасын көтеріп, айтып жүрген мүйізі қарағайдай қазақ зияларын орыс тілінде сөйлеткен жиын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, қазақ жерінде өтіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.