19-12-18 |
3890 рет қаралған
Сириядан қайтарылған 91 баланы дерадикализациялау жұмыстары жүріп жатыр.
Сириядан қайтарылған 91 баланы дерадикализациялау жұмыстары жүріп жатыр

Соңғы екі жылда Сирияға кеткен 39 отбасы қайтарылған, бұл отбасыларда жалпы жиыны 91 бала бар екен. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Ержан Ерсайынов Астанада өткен бала құқығына қатысты жиын барысында айтты деп жазады azattyq.org.

«Бүгінгі күні Қазақстанға 39 отбасы қайтарылды. Ол 39 отбасында 91 бала бар. Бұл 18 жасқа дейінгі балалар. Ол балалармен жұмыс істеп жатырмыз. Өңірлерден тоғыз орталық аштық. Осы орталық арқылы балаларды әлеуметтендіру, дерадикализациялау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз» дей келіп Ержан Ерсайынов Иракта, Сирияда туған балалармен де бейімдеу жұмыстары жүріп жатқанын айтқан.

«Әрине, олар террористік белсенді аймақтарда туып-өскеннен кейін, тәрбиеленгеннен кейін олардың психологиясы әзірше бөлек. Біз сол үшін жұмыс істеп жатырмыз» – депті министрлік өкілі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.