25-11-20 |
470 рет қаралған
Sulpak кесілген ағаштар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраудан бас тартқан.
Sulpak кесілген ағаштар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраудан бас тартқан

Sulpak сауда үйі желісі әкімшілігі Алматыдағы Төле би көшесі бойындағы дүкеннің алдындағы оталған ағаштар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраудан бас тартқан. Бұл туралы Алматы қаласы жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді.

«Sulpak» жасаған жабай әрекеттері үшін қала тұрғындарынан кешірім сұраудан бас тартты. Біз компенсация ретінде қала бойынша ағаш отырғызуды талап ететін боламыз. Егілетін ағаштардың көлемі, орны туралы талаптарды ұсынамыз. Cондай-ақ қоршаған ортаға келтірген зиянды өтеу туралы жария міндет алуын да талап етеміз», – деді Наталья Ливинская Төле би көшесі бойындағы ағаштарды заңсыз кесу туралы онлайн мәслихатта.

Басқарма басшысы айтқан мәліметке қарағанда, Sulpak сауда үйінің алдында оталған ағашқтар қызыл кітапқа енген, құрып бара жатқан емен ағашы. Жасыл экономика басқармасы 1 желтоқсаннан бастап өз бетінше ағаш кесетін компаниялардың антирейтингін жасамақ. Бұл іске қала тұрғындары көмектеседі деген үміттері бар.

Төле би көшесінің бойындағы Sulpak сауда үйі алдындағы ағаштарды отаған сауда үйімен келісімге отырған жеке кәсіпкер екені белгілі болған. Бұл іске күдікті жеке кәсіпкер сауда үйімен келісімге отырып, сауда үйінің айналасын абаттандыруға келіскен. Сөйтіп он жұмысшы жалдап, түнде ағаштарды кескен.

Онлайн мәлихатқа қатысқан Алматы полиция басқармасы басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Sulpak сауда үйінің әрекеті де назардан тыс қалмайды деп мәлімдеді.

Сондай-ақ Төле би көшесінің бойындағы Sulpak сауда үйі орналасқан жер телімінің жалға алу уақыты да биыл біткен. Әкімшілік жалға алуды ұзартпаған екен.

Төле би көшесінің бойындағы Sulpak сауда үйі алдындағы ағаштардың оталғаны қала тұрғындарының наразлығын туғызып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланған еді. Кейін бұл іске президент Қ.Тоқаев араласты. Содан кейін барып қала әкімі Сағынтаев оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.