24-05-20 |
1120 рет қаралған
Ұйғыр мәдени орталығы Мақтаралға көмектесті.
Ұйғыр мәдени орталығы Мақтаралға көмектесті
фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Кеше 23 мамырда Түркістан облысы Мақтаарал ауданына Қазақстан ұйғырларының  республикалық мәдени орталығының Талдықорған облыстық филиалы атынан гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Керуен жүгі Атакенттегі арнайы қоймаға орналастырылды. Алдағы уақытта тасқыннан зардап шеккен отбасыларға үлестірілетін болады.

Талдықорғандық топты бастап келген Алматы облысы ұйғыр этномәдени  орталығының Талдықорған қаласындағы өкілі Нурум Ивуллаев.

Керуен 7 тоннаға жуық 140 түрлі азық-түлік жиынтығын ала келген. Сондай-ақ, делегация мүшесі, ұйғыр мәдени орталығының белсендісі Фархад Сәбитов қиналған шақта отандастарды қолдау – әрбір қазақ жерін мекендеген азаматтың борышы екендігін айтты.

«Бүгін мақтааралдық ағайынға Талдықорғаннан арнайы көмек ретінде азық ала келдік. Бұл екінші рет келуіміз. Осындай шақта бір екенімізді көрсетіп, ынтымағымызды іспен паш етуіміз керек. Қазір жалпы соммасы 2 млн теңгеге жуық жүк  келді. Оның ішінде 250 келі күріш, 100 келі қант және өзге де қажетті азықтар бар. Енді елімізді апат пен зіл-заладан сақтасын», – деді ол.

Керуенді күтіп алған Мақтаарал аудандық мәслихат хатшысы Қадыр Сәрсекбаев Жетісу өңірінен көмегін ала келген ағайынға жергілікті халық атынан алғысын білдірді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.