26-08-21 |
580 рет қаралған
ДДСҰ күзде болатын пандемияға дайындалуға шақырды.
ДДСҰ күзде болатын пандемияға дайындалуға шақырды
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус күзде жаңа пандемияға дайындыққа шақырды.

Бұл туралы ДДСҰ басшысы Женевада ұйымның Twitter -дегі ресми парақшасында жарияланған брифингте айтты.

«Келесі үш ай алдағы уақытта болатын пандемияға дайындықтың ең маңызды кезеңі болады», – деді Гебрейесус

Гебрейесус барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды, қорғаныс маскаларын киюді және мүмкіндігінше COVID-19 вакцинасын алуды ұсынды.

«Ешқандай төте жол жоқ. ДДСҰ денсаулыққа дәлелденген әлеуметтік шаралар мен COVID-19-ға қарсы әділ вакцинациялауды қамтитын тәуекелге негізделген кешенді әдісті ұсынуды жалғастыруда», – деді ол.

Гебрейюс әлемде COVID-19 таралу деңгейі өте жоғары деңгейде тұрақтанғанын айтты.

«Әлемде күн сайын анықталатын жағдайлардың саны бойынша жағдай тұрақталды”, – дейді ол. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.