10-04-20 |
480 рет қаралған
Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың бірінің халі өте ауыр.
Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың бірінің халі өте ауыр

Кеше 9 сәуір күні Алматыда өкпені жасанды желдету аппаратында аса ауыр жағдайда жатқан науқас қайтыс болды. Бүгін 10 сәуірде тағы науқастың халі өте ауыр жағдайда екені белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Басқарма басшысы қайтыс болған науқастың коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандығын және оның инфекция жұқтырғаны 16 наурыз күні анықталғандығын айтты.

Ол науқас қосымша ауруларымен, атап айтқанда, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен қоса, стенокардия, артериялық гипертензиясымен байланысты 18 наурыз күні ол реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, науқастың жағдайы, әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырларының полиоргандық жеткіліксіздігінің өршуімен прогрессивті түрде нашарлаған.

9 сәуір күні науқастың қосымша аурулары үдеп, сағат 23.20-да қан айналымы тоқтаған. 30 минут бойы жүргізілген реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз аяқталып, сағат 23.50-де биологиялық өлім тіркелді.

Науқастың негізгі диагнозы: COVID-19 коронавирустық инфекциясы расталған. Екі жақты полисегментті пневмонияның ауыр түрі. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі мен Лайелла синдромы.

«Біз дереу әйелдің қайтыс болғаны туралы оның туыстарына хабар бердік және олар белгіленген тәртіпке сай марқұммен қоштаса алды», – деді басқарма басшысы 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда КВИ жұқтырудың тағы бір жағдайы тіркеліп отыр, жалпы алғанда бұл қала бойынша 122-ші жағдай.

Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 96 КВИ жағдайы (оның біреуі облыстық) тіркелген, арасында 4 бала бар. 72 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 1 адамның жағдайы өте ауыр, 4-уінде – ауыр болса, 19 ересек адамның жағдайы – ауырлықтың орташа дәрежесі (1 облыстық) деп бағаланған.

Естеріңізге салсақ, бүгінге дейін 26 адам коронавирустық инфекциядан сауығып шықты.

Провизорлық орталықтарда 250 адам, оның ішінде 29-ы балалар, 384 азамат карантиндік оқшаулауда болса, 5306 адам үй жағдайындағы карантинде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.