30-07-21 |
1240 рет қаралған
Елімізде ауру белгілері үш күннің ішінде асқынатын індет сәбилер арасында көбейді.
Елімізде ауру белгілері үш күннің ішінде асқынатын індет сәбилер арасында көбейді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың жаңа штаммына шалдыққан науқастар арасында сәбилер көп екенін жасырған жоқ. 

 

Қаланың бас санитары індет жұқтырған науқастардың жағдайы күрт нашарлап жатқанын мәлімдеді.

«Науқастардың жағдайы вирус жұқтырғаннан кейін үшінші немесе бесінші күндерінде ауырлайды. Бұрын біз оныншы, он төртінші күндері аурудың асқынуын байқайтын едік, енді вирус жұқтырғандардың жағдайы үшінші күннен-ақ ауырлап жатыр”, – дейді ол.

Ол аурудың тез дамуы ауыр жағдайлар қатарының артуына ықпал еткенін айтты. 

«Жүрек пен бүйрек жеткіліксіздігі тез басталады. Жас адамдар ауруды жұқтырады, тіпті бір жасқа дейінгі балалар да зардап шегеді. Осыған дейін шамамен 200-ге жуық сәби ауырды», – деді Бекшин.

Ол жас аналарды адамдар көп жиналатын жерлерде, соның ішінде ойын алаңдарында көршілерімен мүмкіндігінше аз байланысуға шақырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.