11-03-21 |
440 рет қаралған
Елімізде бір тәулікте тоғыз адам коронавирустан көз жұмды.
Елімізде бір тәулікте тоғыз адам коронавирустан көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі 9 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмды деген ақпарат таратты.

11 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 432 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 570 пациент стационарда, 13 862 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 231 адамның жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы өте ауыр. 37 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Сонымен қатар өткен тәулікте 752 адамнан коронавирус табылды, 48 адам пневмонияға шалдықты. 

Пандемия басталған бір жыл ішінде Қазақстанда 220 770 адамнан коронавирус табылды, 2 830 адам қайтыс болды.

2020 жылдың 1 тамызынан бері 49 629 адам пневмонияға шалдықты, 650 адам қайтыс болды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.