10-07-20 |
450 рет қаралған
«Халықты үрей мен қорқыныш билеген».
«Халықты үрей мен қорқыныш билеген»

Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында президент Асқар Мамин үкіметінің жұмысын сынға алды.

«Бұл мәселеге қатысты Үкімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің де рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр? Үкіметтің және әкімдердің қабылданған шараларды түсіндіруінде олқылықтар бар. Олардың қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұмыс істей алмай отырғаны байқалды. Қазіргі эпидемиологиялық ахуал қоғамды аса қатты алаңдатып отыр. Ахуал өте күрделі. Бірақ алғашқы оң үрдістер де байқалуда. Өткен аптада мен Үкімет пен әкімдерге бірқатар тапсырма бердім. Мемлекеттік комиссия өз жұмысын жандандыра түсті.» деді президент.

Сондай-ақ Тоқаев халық әртүрлі күмәнді кеңестерге құлақ асып жатқанын және алаяқ емшілер де елдің денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.

«Халықты үрей мен қорқыныш билеген. Тіпті олар өздеріне қажет емес дәрілерді де сатып алып жатыр. Адамдар әлеуметтік желідегі әртүрлі күмәнді ақыл-кеңестерге құлақ асуда. Сall-орталықтардың тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етіп, жұмысын күшейту керек. Беделді дәрігерлер телемедицина, телеарна және әлеуметтік желі арқылы емделудің дұрыс жолдарын үйретіп, жүйелі түрде түсіндіруі қажет. Олай болмаған жағдайда, дүмбілез, алаяқ емшілердің күмәнді кеңестері халықтың денсаулығына кесел келтіреді» деді президент.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.