08-04-21 |
780 рет қаралған
Коронавирус жұқтырған 151 науқастың жағдайы өте ауыр.
Коронавирус жұқтырған 151 науқастың жағдайы өте ауыр

Республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдар саны 261 503 адамға жетті. 228 089 пациент жазылып шығып, 3 156 науқас қайтыс болды.

Қазақстанда өткен тәулікте 2 586 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

8 сәуірдегі мәлімет бойынша,  29 655 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 10 828 пациент стационарда, 18 827 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус жұқтырған  522 адамның жағдайы ауыр және 151 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Өкпені жасанды желдету аппаратында 87 науқас жатыр.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 578,
  • Алматы қаласы – 710,
  • Шымкент қаласы – 81,
  • Ақмола облысы – 98,
  • Ақтөбе облысы – 117,
  • Алматы облысы – 325,
  • Атырау облысы – 137,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 55,
  • Жамбыл облысы – 39,
  • Батыс Қазақстан облысы – 125,
  • Қарағанды облысы – 160,
  • Қостанай облысы – 33,
  • Қызылорда облысы – 22,
  • Маңғыстау облысы – 43,
  • Павлодар облысы – 28,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 16,
  • Түркістан облысы – 19.

Жалпы республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдар саны 261 503 адамға жетті. 228 089 пациент жазылып шығып, 3 156 науқас қайтыс болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.