29-04-20 |
430 рет қаралған
Коронавирус жұқтырған саны әлі де өсуі мүмкін – Есмағамбетова.
Коронавирус жұқтырған саны әлі де өсуі мүмкін – Есмағамбетова

фото: ОКҚ

Мамыр айының соңына дейін Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны 5300 адамға жетуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі осындай болжам жасап отыр. Бұл туралы елдің бас санитары Айжан Есмағамбетова (суретте) айтты.

«Қазақстан бойынша сәуір айының соңына дейін коронавирус жұқтырғандар саны 3400 адамға ал мамыр айының аяғына дейін бұл саны 5300 адамға жетуі мүмкін».

Мұндай болжам жасауға шекаралас аймақтардан коронавирус инфекциясының көп келуі себеп болған. Мәселен, соңғы екі аптадағы 200 жағдай соның дәлелі.

«Бұл сан ішкі қауіп қана емес, сыртқы қауіп бар екенін көрсетеді. Осыған сәйкес біз болжамымзды өзгерттік» деді Есмағамбетова.

Бүгінгі жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан адам асып кетті.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.