03-05-20 |
340 рет қаралған
Коронавирустан тағы бір адам көз жұмды.
Коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Коронавирус инфекциясынан Шымкен қаласы Абай ауданының 78 жастағы тұрғыны бүгін таңертең қайтыс болған. 

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 27 жетті

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқас 27 сәуір күні ЖРВИ, пневмония диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Науқастан зертханалық сынама алынып, ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланған..

29 сәуір күні азаматша жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты ИВЛ аппаратына қосылған.

Науқастың қосалқы аурулары: 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, өте жоғары тобы, созылмалы бронхит.

Науқас емдеу хаттамасына сәйкес, қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен бірнеше рет кеңес өткізілген.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 3 мамыр күні, сағат 10:20-да науқас қайтыс болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.