23-04-21 |
560 рет қаралған
Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кімдерге егіледі.
Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кімдерге егіледі

Қазақстанда QazVac вакцинасын егу кезінде дәрігерлер, мұғалімдер мен полицейлерге басымдық беріледі.

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл қазақстандық вакцинаны қазақстандық вакцинаның бірінші кімдерге салынатынын айтты.

«Спутник V пайда болған кезде, ең алдымен тәуекел тобына егілді: медицина қызметкерлері, педагогтер, полицейлер. Егер осы топтардың арасында қазақстандық вакцинаны алғысы келгендер болса, оларға бірінші салынады. Одан кейін вакцинаның қолжетімділігін ескеріп, кез келген адам салдыра алады. Бүгінде қазақстандықтарда таңдау бар: «Спутник V» немесе QazVac-ты салғыза алады», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бүгінде QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өндірілді, мамырда тағы 50 мың доза көлемінде шығарылады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.