17-08-21 |
650 рет қаралған
Терапевт: Вакцинацияланғандарда ауру жеңіл өтеді.
Терапевт: Вакцинацияланғандарда ауру жеңіл өтеді

Вакцина – бүкіл әлемді дүр сілкіндірген пандемиямен күрестегі жалғыз қару. Күн сайын қауіпті вирустың деструктивті күшіне тап болатын дәрігерлер жұртты тезірек иммундаудан өтуге шақырады. Сондай-ақ ақ халаттылар көбінесе медицина мен ғылымға қатысы жоқ адамдардың вакцинацияға қарсы тұратынына және олардың сөзіне өзгелердің сенетіні қынжылады.

Елордадағы №10 қалалық емхананың терапевт дәрігері Хадиша Мұхатаева екпенің маңыздылығын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Хадиша Мұхатаева вакцинация әлемді көптеген аурулардан сақтағанын айтады, өйткені эпидемия бүгінге дейін талай рет болған. Екпелер бүгінге дейін мыңдаған адамды өлімнен құтқарды. Вакцинация ағзаға вирусқа қарсы антиденелер жасауға көмектеседі және ауыр асқынулардан қорғайды.

«Коронавирусты бәрі, тіпті екпе алғандар да жұқтыруы мүмкін. Бірақ иммундаудан өткен адамның ағзасы ауруға қарсы тұра алады, ал ауырып қалған жағдайда ол жеңіл түрде өтеді, асқынулар өте сирек жағдайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, адам денсаулығының бастапқы жағдайы да үлкен маңызға ие. Мұны біз қазір күнделікті тәжірибеде байқап отырмыз. Екпе аурудан қорғауға 100% кепілдік бермейді. Бұл дененің қарсы тұру қабілетін арттырады және аурудың ауыр өтуінің алдын алады. Бұған мысал ретін тұмауға қарсы вакцинаны келтіруге болады: күздің басында тұмауға қарсы егілгендерге кейіннен суық тиюі мүмкін, бірақ вакцинацияланғандарда ауру жеңіл өтеді», – деді ол.

Дәрігер сонымен қатар КВИ екпесіне белсенді түрде қарсы шыққандар қандай қауіп төндіруі мүмкін екендігін қозғап өтті. Себебі ғылым мен медицинаға емес, оларға сенетін адамдар көп. 

«Бұл мәселені жіті білмейтін адамның вакцинаға қарсы тұратыны және халықтың көп бөлігі олардың соңынан еретіні қорқытады. Ғылымның, практикалық денсаулық сақтаудың өкілі ретінде қарсы шығып жүргендерге келер болсақ, олардың түпкі мақсаты не екені түсініксіз», – деді спикер. 

Сонымен қатар, дәрігер азаматтарды ағзадағы антиденелердің санына қарамауға және ауырып жазылған адамдарға үш ай өткен соң екпе алуға шақырды. 

Ол бүгінгі күні 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, бала емізетін әйелдерге, иммуносупрессорларды (иммундық жүйені басатын препараттар) қабылдайтын науқастарға, жедел аурулар мен созылмалы ауруы барларға вакцинация алу кеңес етілмейтінін атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.