03-08-20 |
490 рет қаралған
Тоқаев: Үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті.
Тоқаев: Үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет карантин режимін сақтауды күшейтуге міндетті екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің twitter парақшасында мәлімдеді.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес», -деді Қ. Тоқаев.

Сондай-ақ ел президенті: «Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр», -деп отыр.

Тоқаев даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы да айтып өтті:

«Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары», -деп айтты Тоқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.