10-04-20 |
390 рет қаралған
Тоқаев: Карантинді сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырам.
Тоқаев: Карантинді сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырам

Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін созылады. 

«15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы» – деді Тоқаев.

Бүгін президен Тоқаевтың қатысуымен төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы болды.

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты елде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған еді.

Қазір елде инфекциядан 9 адам қайтыс болды. Бірнеше қала карантинге жабылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.