31-01-20 |
350 рет қаралған
Коронавирустан 213 адам қайтыс болып, 10 мыңға жуық адам вирус жұқтырған.
Коронавирустан 213 адам қайтыс болып, 10 мыңға жуық адам вирус жұқтырған

Қытайдың денсаулық сақтау комитеті 9692 адам коронавирусқа шалдығып, 213 адам қайтыс болғаны туралы ресми дерек таратты. Деректер Қытайдың 31 аймағынан келіп түскен хабарлар негізінде жасалған. Бұл туралы Синхуа агенттігі хабарлады.

Қытайдың Ухань қаласынан тараған коронавирус қазірдің өзінде әлемнің бірнеше еліне тарағаны мәлім. Әр ел вирусқа қарсы сақтандыру шараларын қолға алып жатыр. 

Қазақстан Қытаймен арадағы көлік және әуе қатынастарын тоқтатып жатыр. Сондай-ақ үкімет коронавирусқа қарсы күреске 1,5 миллиард теңге бөлді.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.