25-09-19 |
700 рет қаралған
«Томирис» фильмін түсіруге 3 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалған.
«Томирис» фильмін түсіруге 3 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсалған

«Томирис» тарихи фильмін түсіруге үш миллирд теңгег жуық қаражат жұмсалған. Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әрсенов айтты, – деп жазады tengrinews.kz. Ал мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов болса, кинотуындыны түсіруге 2 миллиард 259 миллион теңге жұмсалғанын айтқан.

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы және «Sataifilm» бірлесіп түсірген «Томирис» фильмінің режиссері Ақан Сатаев. Фильм 25 қыркүйекте Астанада, 26 қыркүйекте Алматыда көрсетіледі. Ал 27 қыркүйекте барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

Ал Арман Әрсеновтың киноға жұмсалған қаражат әлемдік прокаттан қайтатынына сенімді.

– Қаражатты есептедік. Шамамен үш миллиардқа жуық теңге.  Бірақ фильмді түсіруге жұмсалған қаражат әлемдік прокаттан қайтатынына кепілдік береміз.  Кинонынғ мәдени құндылықтарымызды әлдебір бюджетпен салыстыруға болмайды,-депті. Бірақ Арман Әрсенов мырзаның «әлдебір бюджет» деп отырғаны азаматтардың салығынан құралған бюджет екені белгілі. Фильм министрліктің тапсырысымен түсірілгендіктен қаражат мемлекеттік бюджеттен жұмсалғаны анық. Демек халықтың ақшасынан құралған қазынаны «әлдебір бюджетке» теңеу қаншалықты орынды болатынын Арман Әрсенов мырза жақсы білсе керек. Ал «Томирис» фильмі әлемдік прокаттан жұмсалған қаржыны қайтара ма, жоқ па оны уақыт көрсетер. Айтпақшы, фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.