11-04-19 |
8880 рет қаралған
Дулат Исабеков: Келесі президент атом электрстанциясын салдырмаса, жан-жаққа жалтақтамаса.
Дулат Исабеков: Келесі президент атом электрстанциясын салдырмаса, жан-жаққа жалтақтамаса

Қазақстан жазушлар одағында өткен жиында қаламгерлер кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікірлерін білдірді. Бұл туралы жиынға қатысқан arasha.kz тілшісі хабарлайды.

Жиын барысында жазушы Дулат Исабеков президент Қ.Тоқаевтың барлық қызмет сатысынан өткенін, потенциалы үлкен екенін айтты.

«Қалай болғанда да екінші президентті сайлағалы отырмыз. Бұл біздің тарихымыздағы үлкен оқиға. Екінші президент халыққа жақынырақ болса, демократияны көбірек қолға алса, қазақ тілін қолға алып, жан-жаққа жалтақтауды қоятын болса, атом электрстанциясын салдырмайтын болса, протондардың құлағанына тоқтау салатын болса, Қазақстандағы Ресейдің төрт полигонының азаюына әсерін тигізсе» деген жазушы «ең бастысы сайлау демократиялық жолмен өте» деді.

Қайыра айтсақ, 9-сәуірде президент Қ.Тоқаев халыққа үндеу жасап, кезектен тыс президент сайлауын жариялады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.