11-02-20 |
610 рет қаралған
Соңғы 5 жылда 135 отандық фильм түсірілген.
Соңғы 5 жылда 135 отандық фильм түсірілген

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дерегі бойынша соңғы 5 жылда (2015–2019 жж), 150 фильм, 8 сериал түсіру жоспарланған, нәтижесінде 135 фильм және 8 сериал түсіріліп, 12 жұмыс өткізілген жоқ, ал 3 жұмыс туралы ақпарат белгісіз деп хабарлайды ranking.kz.

2019 жылы 17 фильм түсіріледі деп жоспарланған еді, бірақ 11 картина түсіріліп, тағы 6 картина әлі өткізілген жоқ.

Өткен жылы тек қана көркем және деректі фильм түсірілген.

Түсірілген фильмдердің жанрына келетін болсақ: 57 драма, 75 деректі фильм және 3 анимациялық фильм түсірілді.

2019 жылы 1 драма және 7 деректі фильм түсірілді, ал 3 фильмнің жаныры туралы мәлімет жоқ.

Соңғы бес жылда түсірілген фильмдердің көбі қазақ тілінде – 71 фильм, орыс тіліндегісі – 58. Сонымен бірге ағылшын тілінде 4 картина және қос тілде (қазақ, орыс) 1 фильм түсірілді. Бір кинолента туралы ақпарат жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.