23-12-19 |
520 рет қаралған
Билік Марғұлан Сейсембаевты қара тізімге енгізген бе?.
Билік Марғұлан Сейсембаевты қара тізімге енгізген бе?

Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай өзінің дереккөзіне сілтеме жасап, билік оны мемлекеттік БАҚ та жарияланбауға, шықпауға тиісті қара тізімге қосқанын жазады.

«Менің дереккөзім хабарлады: «»Нұр Отан» мен ӘП – президент әкімшілігінен тапсырма бар. Барлық мемлекеттік БАҚ пен партиялық баспасөзде сіз туралы жазуға тыйым салды. Сіздің атыңыз қара тізімде. Тағы Арман Шораев пен Мұрат Әбенов бар».

Не деймін. Біріншіден, дереккөзге сенбеуге негіз жоқ. Ол маған бірнеше рет ескерткен. Екіншіден, бұл өзі кең тараған практика яғни, ӘП – президент әкімшілігі немесе ақпарат министрлігі мемлекеттік БАҚ та шықпауға тиісті адамдардың «қара тізімін» жасайды. Үшіншіден, менің мемлекеттік БАҚ қа берген бірнеше сұхбатым әлі жарық көрмеді. Себебін айтпайды. Сұхбатты олар өздері қалап алған еді. Төртіншіден, әлдекім Тоқаевтың саясатына қарсы шығып отыр. (Байбек? Абаев?) Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде не дегені естеріңізде болар. Ол: «Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырамыз. Бірінші планға пікірлер плюрализм, өзгеше көзқарастар шығады. Билік келіспеуді деструктив деп санамайды» деп тура айтқан еді» деп жазады Марғұлан Сейсембай өзінің телеграм каналында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.