29-12-19 |
540 рет қаралған
«Билікке проблемаларды шешу үшін міндетті түрде бір апат, зорлау, қасірет, митинг керек пе?».
«Билікке проблемаларды шешу үшін міндетті түрде бір апат, зорлау, қасірет, митинг керек пе?»

Мұхтар Тайжан, экономист, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

– Неге үкімет апат болып қалғанда ғана проблемаға назар аударады?

Неге көп балалы отбасылардың жағдайына (яғни қаракөздердің жағдайы ғой) бес періште өртеніп кеткенде ғана назар аударылды?

Неге Арыс әскери қоймасын апаттан кейін ғана басқа жерге апарып қоямыз деді? Одан бұрын ол қойма қаланың шетінде тұрғаны қауіпті екенін білмеді ме?

Неге мектептердің әжетханалары туралы кішкентай қызды зорлап кеткеннен кейін ғана жақсартамыз деп жатыр. Біз бұл проблема туралы былтыр нақты айтпадық па, неге уақытында тыңдамайсыңдар?

Шудағы темір жол көпірін тағы апаттан кейін ғана саламыз деп айтты.

Қазақстандағы жұмысшылардың айлықтарын шетелден келген жұмысшыларымен тең қыламыз деп қашан айтылды? Дұрыс, Теңізде болған үлкен төбелестен кейін ғана. Неге солай? Алдын ала бәрін шешуге, түзетуге болмай ма?

Естеріңізде болса, Жер мәселесі де сол митингттерден кейін ғана шешіле бастады. Bek Air-дің ұшақтары ескірген екенін қазір ғана біліп тоқтатып отырсыздар. Ол кеш қой, адамдар қаза болды!

Сонда билікке проблемаларды шешу үшін міндетті түрде бір апат, зорлау, қасірет, митинг керек пе? Олай болмау қажет қой! Таза ниет болса, кішігірім ғана сергек сана болса бар проблемаларды АЛДЫН АЛА, жоспар бойынша шешуге міндеттісіздер!

Біз болсақ әлбетте елде элементарный тәртіпті орнату үшін ат салысуға әзірміз, ел ортақ қой.

 

Жазба М.Тайжанның фейсбуктегі парақшасынан алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.