04-01-22 |
580 рет қаралған
«Бұл енді жиын емес, митингте емес, көтеріліске ұласқалы тұр».
«Бұл енді жиын емес, митингте емес, көтеріліске ұласқалы тұр»

Маңғыстау облысындағы митингіге қатысты көп қолдау көрсетіп, өз пікірлерін жариялауда.

Белгілі заңгер Абзал Құспан да өз ойын facebook парақшасында жария етті.

Абзал Құспан, заңгер:

– Иә, бұл енді жиын емес, митингте емес, көтеріліске ұласқалы тұр. Кеше таңғы 5-ке дейін Жаңаөзендік, Ақтаулық ағайындармен байланыста отырдым. Бүгінде сол. Тарап жатқан видеолардан да байқалғандай, мәселе бір газбен шешілмейтін сияқты. Саяси талаптар қойылуда.

Газға қатысты.
Мұнай мен газ құдіретті күйеу балалардың қолында, оны Ноғаев пен Мәмин тұрмақ, Тоқаевта өздігінен шеше алмайды.
Осыдан 10 жыл бұрынғы жағдайды еске алсақ, проблема мұнайшылар жалақысын көтермеймін деп қисайған ортаншы күйеу баладан басталған еді. Арты анадайға ұласты. Бірақ, күйеу баланың бір тал мұрты да қисайған жоқ. Шетелден үй алған үстіне, үй алып, көңілдестерін жарылқап жүріп жатыр.

Бұл жолы жартылай көнді, газ бағасын 85-90 тг түсірді, алайда олар өліп кетсе де 50 тг түсірмейді! Себебі… себебі көп. Ең бастысы – халықты жаман үйретіп аламыз деген ой!

Саяси талаптарға қатысты.
Осындай, олар үшін ұсақ-түйек мәселеде (газға баға түскеннен долларлық миллиардерлердің мұртын балта шаппайды) артқа шегінбейтін олар, биліктен кет дегенге кете қоя ма? Әрине кетпейді! Билік – олар үшін бәрі!

Бірақ, Маңғыстаулық ағайындардың да кері шегінетін түрлері байқалмайды.
Енді не болады? Бұның арты неге апарып соғады? Белгісіз…

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.