14-02-20 |
480 рет қаралған
Дәурен Абаев: Мемлекет азаматтарды қазақ және дүнген деп бөлмейді.
Дәурен Абаев: Мемлекет азаматтарды қазақ және дүнген деп бөлмейді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасында Қордайдағы қақтығыс жайында айтты.

Оқиғаның хронологиясын ішкі істер министрі жасап шықты. Оқиғаның шығу себебі тұрмыстық уақиға. Бұл мәселе бойынша тараптар келісімге келді. Мессенджерлерде тараған эмоцианалды видеолар мен комментарийлер және зорлық-зомбылыққа шақырудың салдарынан қақтығысқа белгісіз адамдар араласқан. Алайда мұны кездейсоқ оқиға деуге болмайды. Жағдайдың түпкі себеп-cалдары тереңде жатыр. Сондықтан да қатаң кадрлық өзгерістер жасалды. Облыстың әкімі ғана емес, күш құрылымдарының да басшылары ауысты, – дей келіп министр «қоғамдағы дау қалыпты нәрсе» деп сипаттаған.

«Мемлекет азаматтарды қазақ және дүнген деп бөлмейді. Олар заң алдында бірдей. Қоғамдағы дау қалыпты нәрсе. Көп азаматтар елде бейбітшілік пен келісім болғанын және оқиғаның нақты мән-жайы анықталып, жағдай шешілгенін қалайды. Көпшілік қақтығысқа кінәлі адамдар анықталып, мұндай оқиғаның енді қайтып қайталанбауын да қалайды, –  Дәурен Абаев.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы қақтығыстан 10 қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Үкімет комиссиясы құрылды. Президенттің пәрменімен облыс әкімі Асқар Мырзахметов қызметінен алынып, орнына Бердібек Сапарбаев тағайындалды. Сондай-ақ облыс полициясы департаментінің басшысы да ауысты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.