13-06-20 |
960 рет қаралған
Депутат: Жаман қатын деген сөзді ол кісіге айтқан жоқпын.
Депутат: Жаман қатын деген сөзді ол кісіге айтқан жоқпын

фото: facebook.com/BSmagul

6 маусымда Астанада рұқсат етілмеген митингіге шыққан адамдарға басу айтуға барған мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың басы дауға қалған еді. Депутат митингіде: «

«Бүгін жиналып жатқандарыңыз дұрыс емес. Әлемде пандемия. Көпшілік жиналуға болмайды қазір. Маскаларыңыз да жоқ. Бейбіт митингке көнеді билік. Пандемия өтсін десе, тыңдамай жатсыздар. Президент бейбіт митинг туралы заңға қол қойды. Блок бекеттер ашылды. Кішкене қоя тұрсаңыздаршы.Билік деген не? Сіз бен біз. Билік, депутат деген бүгін бар, ертең жоқ. Пандемия өтсін, әлі талай митинг өткіземіз. Мен өзіме жарнама жасап отырған жоқпын. Шыдаңыздар» деп кейін талаптарын айта бастаған аналардың біріне: «Шабалаңдама. Келгеніме рахмет айт. Сен сияқты жаман қатындар халықты арандатады» деп қалған. Депутаттың бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушылар арасында қызу талқыланды. 

Ал 13 маусымда депутат Бақытбек Смағұл Тоқаевтың президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуына орай өзінің парақшасында жазған жазбасына комментарий ретінде 6 маусымдағы жағдайға түсініктеме берген.

«Біріншіден, жаман қатын деген сөзді ол кісіге айтқан жоқпын, Ондай сөз тіпті аузымнан шықпады. Оған видео дәлел. Неге екенін білмеймін, солай айттыңыз деп өзі шығарып алғаны. Екіншіден, ол мүлдем танымайтын адам емес, бәріміз «Мектеп, балабақша» деп аталатын бір уатсап тобындамыз. Митингке шыққан азаматтармен әңгімелесіп келе жатып, көре қалып, жағдайын білейін деп келгенмін. Кенеттен провокация жасап, айғайлап, қарғай бастағаны. еш кінәсіз қарғаса кім шыдайды. Соған назаланып, телеарналар алдында арандатушылыққа барғаны үшін артынша уатсап тобынан шығып кеткенмін, бірақ аналар жазып, қайта кірдім. Әңгімеміз қайта түзелді. Бүлінген, қираған ештеңе де жоқ. Сіздер мында әбден уайымдап бара жатқасын секреттерді айтып жатырмын. Барлық аналар аман. Ал мәселелері ретімен шешіледі. Шешіліп те жатыр. Қос алпауыттың ортасында отырып, қазақ бір-бірімізді жамандап, жүндеуді қою керек. Босқа жігерімізді түсірмейік, ағайын!» деп жазады депутат.

скирншот
Бақытбек Смағұл комментариінің скирншоты
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.