07-10-19 |
950 рет қаралған
«Діншілдер саясатқа араласатын болса, түбі Қазақстанды халифатқа айналдыруы мүмкін».
«Діншілдер саясатқа араласатын болса, түбі Қазақстанды халифатқа айналдыруы мүмкін»

«Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековтың күштік құрылымдар арасында айтқан уағыздары бар видеоның әлеуметтік желіде таралуынан соң, уағыз айтушыға наразылық әлеуметтік желіде әлі де басылмай тұр. Экономист, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да талқыланып жатқан мәселе өз ойын жария етіп, алаңдаушылық білдірді.

«Зайырлы, демократиялық мемлекет дегеніміз не? Үкімет дінге араласпау керек, рас. Бірақ дін де мемлекеттік мәселелерге араласпау керек қой! Біздің мемлекетімізде идеологиялық жұмыс болмағандықтан идеология саласында да бардак боп тұр.

Мысалы, Мұхамеджан Тазабек,  «Асыл арнаның» жетекішісі, неге мемлекеттік органдарға барып – полицияға, әскерлерге, мектептерге, ЖОО дарына уағыз айтып жүр? Бұндай мүмкіндікті оған кім беріп отыр? Неге ол полицияны бейбіт митингке шыққан халыққа қарсы айдап салуда? Оған бұндай құқықты кім берді? Бұндай әрекет нағыз арандатушылық деп білем. Полиция бейбіт шеруге шыққан халыққа күш жұмсамау керек. Бейбіт митинг, шеру өткізу – ол халықтың Конституциялық құқығы.

Негізі діншілдер саясатқа араласатын болса, түбі Қазақстанды халифатқа айналдыруы мүмкін. Сауд арабия, Афғанстан, Сирия секілді елдерге айналамыз. Бұған дайынсыңдар ма? Түбі сөзсіз өте қанды соғыз болады. Бізге Шариғат керек пе әлде демократия керек пе? Таңдау жасауымыз қажет, себебі бұл бір-біріне 100% қарама қайшы құбылыстар.

Бүгінгі күндерді репрессия дейміз, ал сол кезде қанды террор басталады. Адамдардың бастары мен қолдарын шабу, әйелдерді таспен өлтіру, тб. Өйткені халифат Шариғат заңымен өмір сүреді. Еліміз өте қараңғы елге айналады. Сондықтан біз зайырлы мемлекетті сақтап қалуымыз жөн.

Мемлекет дін мәселелеріне, дін – мемлекет мәселелеріне араласпау керек. Дін – адамның жеке шаруасы, құқы. Зайырлы мемлекетіміз деген – осы. Алашорда қайраткерлері зайырлы мемлекетке зар болды. Біз де бұндай ұстанымында қалуымыз керек» деп жазады Мұхтар Тайжан.

Ал Мұхамеджан Тазабеков желіде тарап, елдің наразылығын тудырған видеоны монтаж деп түсіндірген.

Мұхамеджан Тазабек: Шеру – біздің менталитетке шетін

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.