31-05-22 |
580 рет қаралған
Ерлан Қарин: Қуғын-сүргін құрбандары жөніндегі ашық цифрлық деректер базасы толықтырыла береді.
Ерлан Қарин: Қуғын-сүргін құрбандары жөніндегі ашық цифрлық деректер базасы толықтырыла береді

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин «Қазақпарат» агенттігіне көлемді сұхбат берді. Сұхбатта Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы жан-жақты баяндалады.

Ерлан Қарин Мемлекеттік комиссия қабылдаған шешімдер негізінде құрылған барлық методологиялық инфрақұрылым белгілі бір дәрежеде сақталып, жұмысын жалғастыра беретінін айтады.

– Қазіргі таңда Мемлекеттік комиссияның негізгі әкімшілік және әдістемелік органы ретінде Жобалық офис жұмыс істеп жатыр. Оның жұмысы қайта жасақталып, сараптамалық институттардың бірінде әдіснамалық және консультациялық қызметпен айналысатын болады. Қуғын-сүргін құрбандары бойынша ашық цифрлық деректер базасын толықтыру, сондай-ақ ғылыми жинақтар сериясын шығару жұмыстары жалғасады, – дейді Мемлекеттік хатшы.

Тағы бір айта кетерлігі, 2023 жылға дейін бекітілген нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде ғалымдар мен зерттеушілерге олардың саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу бағытындағы жұмыстары үшін қолдау көрсетіле береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.