14-10-19 |
500 рет қаралған
Мұхтар Тайжан президент Қ.Тоқаевқа қандай ұсыныстар айтты?.
Мұхтар Тайжан президент Қ.Тоқаевқа қандай ұсыныстар айтты?

Бүгін президент Қ.Тоқаев экономист, қоғам қайраткері, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан қабыдады. Бұл туралы Мұхтар Тайжан хабарлады. Ол өзінің фейсбук парақшасында президентке қандай ұсыныстар айтқанын жазды.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу асықпай я ашық өтті. Бір 35 минуттай үшеуіміз еркін отырдық – президент, оның кеңесшісі Ерлан Қарин және мен. Президент адамды өте мұқият тыңдайды екен, сөзді бөлмейді. Мен ұсыныстарымды толық жеткіздім. Ол қандай ұсыныстар?

1. Тәжік-Ауған шеқарасында 1992-2001 соғысқан ардагерлерімізге ресми статус беру туралы. Ресейде, Тәжікстанның өзінде де дәл бұндай сарбаздарда статус бар, ал біз өз ардагерлерімізге ресми статусты неге бермей отырмыз? Бұл өзіміздің тәуелсіз еліміздің ардагерлері ғой! Мурат Мухамеджанов

2. Арыс қаланың мәселесі. Көп жұмыс атқарылды, мойындаймын. Бірақ кей тұрғындар әлі де мәз емес. Құрылыс компаниялар сносқа кететін үйлерді ремонттаймыз деп жатыр. Бұл жерде кінә – толығымен мемлекеттің жағында ғой, сондықтан жергілікті халықты толығымен қанағаттандыру керекпіз. Сәуле Әбілдаханқызы Айгүл Орынбек

3. Тараздағы «Родничок» деген тұрғын үйдің мәселесі. Анау 1990-шы жылдардан келе жатқан проблема бұл. Бұл жерде 15 мыңдай адам тұрады, бірақ үйлері әлі заңдастырылмаған. Оның кесірінен еш инфрақұрылым жоқ – мектеп, балабақша, аурухана тб. Сондықтан бұл тұрғын үйді заңдастыру керекпіз деп өтіндім. Өмірбай Сабыров

4. Атырау облысының экология мәселесін көтердім, Жайыққа бәріміздің жанымыз ашиды. Президент Тоқаев бұл проблеманы жақсы біледі екен. Талғат Аян (Talgat Ayan) Хайруллин Арман

5. Маңғыстау облысын басқа Қазақстанмен байланыстыратын тас-жолды айттым – Бейнеу-Сексеуіл. Бір миллирд доллар тұрса да салу керек екенін жеткіздім. Өйткені ол тек қана батыс облыстарға емес, бәрімізге қажет. Жөн тас-жол болса ішкі туризм дамиды, оңтүстіктің көкіністерін батысқа тікелей апара аламыз, инфляция төмендейді, жүк көліктер Каспий теңіздегі порттарымызға тікелей жете алады, әрі қарай Әзербайжан арқылы Европаға бара алады, Иранға. Батыс облыстар республикалық бюджетіне жыл сайын қаншама мұнай мен газды құйып жатыр ғой! Жәнібек Қожық Куаныш Жумашев Жулдыз Адай Ардак Бораш (Ardak Borash)

6. Жер мәселесін түбегейлі қалай шешуге болады өзімнің баршаңызға белгілі ұстанымды жеткіздім. Мораторийдің аяқталуына екі-ақ жыл қалып отыр. Жердің жеке меншік институттың орнына жал институтын орнату керек – тек қана ҚР азаматтарына, және 100% ҚР заңды тұлғалар ұшін. Латифундизмге қарсы космомониторингті енгізу керек екенін айттым. Ол үшін АШМ тиісті бұйрығын жылдам шығару керек.

7. Достар, жетінші мәселе де болды, бірақ мен бұны әзірше ашық айтпай-ақ қояйын. Бірақ жылдың аяғына дейін бұл қандай мәселе болды міндетті түрде жариялаймын. Әзірше күту керек», – деп жазады М.Тайжан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.