09-04-20 |
1580 рет қаралған
Мұғалім – құл емес!.
Мұғалім – құл емес!

Шалқар Нұрсейітов, саясаттанушы:

– Қазақстанда 200 000 теңге көп ақша емес. Білімді әрі білікті мұғалім айына 200 000 теңге айлық алу үшін 2 жерде жұмыс істеуге міндетті емес. Мұғалім мектепте бала оқыту үшін өзінің және бала-шағасының аузынан жырып кредитке ноутбук пен принтер алуға міндетті емес. Мұғалім сайлауда биліктің солдаты болуға міндетті емес. Мұғалім Нұр Отанның немесе басқа партияның мүшесі болуға міндетті емес. Мұғалім ешкім оқымайтын газет-журналға жазылуға міндетті емес. Мұғалім мектептің ремонтын жасауға міндетті емес. Мұғалім маска тігуге міндетті емес. ҚР билігінің (экс-президент, қазіргі президент, премьер-министр, министрлер кабинеті, Білім және ғылым министрлігі, ҚР парламентінің қос палатасы, сот билігі) білім саласындағы 30 жылға созылып келе жатқан сауатсыз, жүйесіз әрі әділетсіз саясатының «жемісін» татуға мұғалімдер де, оқушылар да лайық емес. Мұғалім – құл емес. Мұғалім құлдық жағдайда жұмыс істегеніне қарсы шыққаны үшін, оны ашық айтқаны үшін халық жауы емес. Мұғалім «кедеймін» деген сөзі үшін камера алдында да, мектеп директорының алдында да, әкімшіліктің алдында да, министрліктің алдында да, президенттің алдында да басын иіп кешірім сұрауға міндетті емес. Ал осындай аянышты әрі қорғансыз күйге түспес үшін әр мұғалім өз ар-ожданы мен құқығы үшін өз мектебінде күресуі тиіс. Мұғалімнің статусын көтеретін басқа тиімді жол жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.