25-03-19 |
7810 рет қаралған
Павлодар – Абылай, Петропавел – Кенесары, Семей – Әлихан Бөкейхан қаласы болып қайта ата ала ма?.
Павлодар – Абылай, Петропавел – Кенесары, Семей – Әлихан Бөкейхан қаласы болып қайта ата ала ма?

Астанада «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып қайта аталуын қолдау үшін кезекті отырысы өтіп, онда «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса үш қаланың атауын өзгерту туралы ұсыныс айтты.

«Елбасыға елорданың атын берумен бірге тариxи сабақтастық ретінде Петропавл қаласына кезінде өзінің ордасы тұрған, үш жүздің басын қосқан қазақтың ұлы xаны Абылай xанның атын, Павлодар қаласына қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың соңғы xаны Кенесарының атын, кезінде Алаш қаласы атанған Семейге қазақ тариxында ғана емес, Орта Азияда тұңғыш саяси партия құрған Алашорда үкіметінің төрағасы Әлиxан Бөкейxанның атын беріп, жақсы жалғастырып алып кетуіміз керек» депті Қ.Иса.

Бірақ Қазыбек Иса бұл өзінің жеке пікірі ғана екенін, «кейінірек партия жиналысында көтерерміз» деген екен.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.