27-11-19 |
600 рет қаралған
Президент сапары: «Қырғыз синдромы» Қазақстанда қайталануы мүмкін бе?.
Президент сапары: «Қырғыз синдромы» Қазақстанда қайталануы мүмкін бе?

фото: президенттің баспасөз хатшысы Б.Уәлидің парақшасынан алынды

 

Президент Қ.Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Шамамен бір апта бұрын саясаттанушы Досым Сәтпаев Тоқаевтың көрші елге сапары жайлы ойын жазып, жария еткен еді.  Сарапшының сол ойын қысқаша тәржімалап беруді жөн көрдік.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапар жасамақшы. Яғни, бұрынғы «мұрагер» өзінің бұрынғы бастығын  сәтті «залалсыздандырып», сөйтіп Орта Азияда алғаш рет экс-президент тұтқындалды. Жалпы Қырғызстан авторитарлы көршілерінің ішінен 2005 жылдан бері ақ қарға болып ерекшеленіп келеді. Орта Азиялық осынау кішкентай мемлекетте бәрі де Орта Азия бойынша алғаш жасалады: екі революция, елден қашқан бірнеше президент, президент билігі үстем Орта Азия аймағында бірінші болып парлменттік республика болуға талпыныс, салыстырмалы түрде әділ өткен парламент және президент сайлауы. Айтпақшы, сондай сайлау Жээнебековтің президент болуына мүмкіндік берді» дей келіп саясаттанушы Жээнбековтың Атамбаевқа қарсы оның өз әдісін қолданып, қақпанға түсіргенін және көрші елдегі саяси жүйенің өзіндік ерекшелігін жазады. Сөйте келіп бүй дейді: «Сооронбай Жээнбековке қарағанда Қ.Тоқаевтың маңайында оны бақылаушы «көздер» көп. Қазақстанда да көрші елдегідей саяси элитадағы топтар арасындағы күрес қызып келе жатқанын ескерсек, қолына көбірек билік алғысы келетіндер экс-президентті нысанаға алып, «қырғыз синдромы» қайталануы мүмкін» дер жазады Д.Сәтпаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.