16-11-19 |
860 рет қаралған
«Әр қазаққа үй салатын жер берілуі тиіс».
«Әр қазаққа үй салатын жер берілуі тиіс»

Қазақта пәтер жоқ. Басым көпшілігінде.
Кеңес кезінде қаракөзді қалаға жолатпауға тырысқан ғой. Соның сарқыншағы.
Желтоқсан оқиғасы кезінде КПСС тың басшыларының бірі Соломенцевтің «Алматыда қазақтың саны 10% пайыздан асып кетті» деп көлгірсігені көптің есінде жоқ болар. Ол кезде, саясат солай болды.Өз еліңде «өгей бала» жасағысы келді. Ал бүгін сол жағдай түзелді ме? Қалаға келген қазақ тұрмысын көтере алды ма? Мәселе осында.
Ең негізгі мәселе.
Ұлттық буржуазия қалыптасты ма?
Елімізде, ұлттық, қаны қазақ буржуазия қалыптаспай мемлекеттің буыны қатаяды деп ойлау әбестік.
Ал енді, бауырларға бір-бірден пәтер дарымай-ақ қойсын.
«Масылшылдықпен» күрес науқаны жүріп жатыр ғой.
Әр-бір қазаққа үй салатын жер берілуі тиіс.
Қазақстанның тағдыры үшін жауап беретін біз. Қаракөздердің интеллектуалдық деңгейін, мәдениетін, материалдық жағдайын түзеу мемлекеттің деңгейін көтерумен тепе-тең қадам.
Адамның даму индексін көтеру міндет!
Осы есте болса.
Ал «ұлтарақтай» жер болса, үйді бауырларымыз әйтіп-бүйтіп өздері салып алар.
Мемлекетке халыққа, өз халқына деген пейіл болса, осылай болар…

Ерлан Саиров, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы

Жазба автордың фейсбук парақшасынан алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.