11-06-20 |
1920 рет қаралған
Шошқа бағу, өсіру харам емес!.
Шошқа бағу, өсіру харам емес!

Бірнеше күннен бері доңыз өсіру шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осы талқыға белгілі дінтанушы, теолог Досай Кенжетай өз ойын жазды.

«Шошқа шариғат тұрғысынан жеуге тыйым салынған (харам) жануар. Яғни еті харам. Ал оны бағып, күніңді көру, кәсіп ету, бизнес…харам емес. Ал енді тариқат тұрғысынан шошқаны да Алла жаратқан. Демек шошқаға қарап оның Жаратушысын, Оның Бір және Бар екендігін тануға болатын айна екендігін көруге болады… сол сияқты темекі де зиян. Бірақ оның қолданғанға әсері бар. Ал енді темекіні өсіріп, баптап, кептіріп, фабрикаға өткізіп еңбегіңнің ақысын алу харам емес. Арақ та сол сияқты.. Кәсібіңе жараса, бала шағаңды асырауға сеп болса, онда алға бас! Абай айтқан «есектің артын жуудан» дұрыс қой» деп жазады дінтанушы.

Доңыз өсіруге берілетін субсидия көлемінің қой шаруашылығына бөлінетін субсидиядан көп екен тележурналист, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Ашық алаң» ток-шоуының жүргізушісі әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.