11-02-20 |
520 рет қаралған
«Ұлтшылдық – өз ұлтын сүю деген сөз».
«Ұлтшылдық – өз ұлтын сүю деген сөз»

Мұхтар Тайжан, экономист, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі:

–  Ұлтшылдық деген ұғым өз ұлтынды сүю, нанға сатылып кетпей өз халқына опасыздықты жасамау деген сөз. Басқа ұлттарды кұрметтейміз, бірақ өз ұлтымызды сүйеміз. Бұл әр жөн адамның ұстанымы. Бүкіл әлем де сондай. Ұлтшылдықты шовинизммен шатастырмаңыздар.
Сондықтан кім не десе о десін, өз басым, әкем сияқты, ұлтшыл бұдан бұрын да болдым, бұдан былай да қала берем.
Ұлтшылдық жойылып кетсе, ұлттық мемлекет те құриды, сонда Тәуелсіздігіміз де тауысылады. Сонда сендер, ұлтшыл еместер, нанды қайдан табасыңдар?
Сендердің бүгінгі байлықтарыңыз – анау ұлтшыл Алашорда қайраткерлердің, желтоқсандықтардың арқасы. Жер сатылып тұрғанда оны сендер емес, ұлтшылдар қорғап шықты, керек болса. Жақсылықтың барлығы ұлтшылдықтың арқасы. Соны ұмытпауымыз керек.

Жазба автордың фейсбук парақшасынан алынды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.