04-02-21 |
420 рет қаралған
Депутат: Инвесторлардан жергілікті қызметкерлердің жалақысына әділетті қарауын сұрайтын уақыт келді.
Депутат: Инвесторлардан жергілікті қызметкерлердің жалақысына әділетті қарауын сұрайтын уақыт келді

«Ақ жол» фракциясы еліміздің Энергетика министрі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне депутаттық сауал жолдады. Онда шетелдік инвесторлардан заңды түрде Қазақстанның ұлттық мүддесін сақтауды талап етуді сұраған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Ақтөбе облысындағы Көкжиде және Бәшенкөл кен орындарындағы «КМК Мұнай» мен «АМК Мұнайдың» бір аптаға созылған, жүздеген жұмысшының ереуіліне қатысты мәселе көтерген.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, «жалақымыз зейнеткерден төмен» деп қиын жағдайын айтқан мұнайшылар президентке видео үндеу жолдады, араша сұрады. Жұмысшылар мен мұнай компаниясы басшылары бір аптаға дейін келісе алмады. Екі тарап арасындағы шиеленіс жергілікті биліктің араласуымен шешілді.

«Ақ жол»  партиясының депутаты Серік Ерубаев министрлерге жазған хатында шетелдік инвесторлар тарапынан әділетсіздік орын алғанын айтқан.

«КМК Мұнай» мұнайшыларының барлық талаптары мойындалса, ал «АМК Мұнай» компаниясының шешімі мойындалмағанмен бірдей. 67 мың теңге айлыққа, үш айға ғана 40 мың теңгеден қосатын болды. Яғни, бір салада істейтін жұмысшылардың жалақыларында 2 жарым есе айырмашылық бар. Кеше ғана тағы бір Қытайдың «СНПС Актөбемұнайгаз» компаниясының мердігер жұмысшылары жалақы көтеруді талап етіп, ереуіліге шықты. Ақпарат бойынша олардың айлықтары 55 мың тенге екен. Мұндай жалақы мұнай саласында бар деп түсіну мүмкін емес. Бұл оқиға қайтадан шетелдік инвесторлардың қазақ жұмысшыларына төленетін жалақылары қаншалықты әділетсіз екенін көрсетіп отыр», – деп жазды депутат Серік Ерубаев.

Сонымен қатар, хатта әлеуметтік теңсіздікті жою сұралған.

«Қазақстандағы инвесторлар шетелдік және жергілікті жұмысшылардың жалақысымен оларға берілетін әлеуметтік төлемдердің теңсіздік мәселелері жылдар бойы көтеріліп келеді. Бір ғана мысал, кейбір кәсіпорындарда сағаттық тарифтік мөлшерлемесі- жергілікті инженерге 568 теңге, ал шетелдік қызметкерге 6500 теңге көлемінде тағайындалған. Бүгінгі таңда, білімді де білікті жастарымыз өз маманы бойынша жұмыс таппай, өз  елінде білікті маман ретінде бағаланбай шетелге кетіп жатқаны қанша ма?», -деді Ерубаев.

Депутат шетелдік компаниялардың дені  өз инвестицияларын ақтап алғанын және бірнеше есе пайда тапқанын алға тартып, оларға қазақстандықтар тарапынан талап қойылмағандығын атады.  

«Өткен айда Алматы облысының тумасы Әсел Төленова АҚШ Президенті Байденнің «Хаттама қызметі» бастығының міндетін атқара бастады. Сондай ақ, әйгілі Google, IBM, Apple т.б. компанияларда қаншама қазақ жастарының жұмыс жасап жатқандарын білеміз.

Сондықтан, Қазақстанда өз жұмыстарын дөңгелетіп отырған шетелдік компанияларға жергілікті қызметкерлердің жалақысына әділетті қарауын сұрайтын уақыт келді. Дамыған елдерде жер қойнауын пайдаланушылар салық төлеуден басқа:

– жергілікті басшы кадрларды дайындауға,

– жергілікті бизнеспен бірлескен сервистік компаниялар құруға,

– өндірілетін шикізатты қайта өңдеуді жолға қоюға міндеттеледі.

Ал бізде ше, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қаражат салған шетелдік компанияларының көбі өз инвестицияларын баяғыда ақтап, біздің табиғи байлықтарымыздан бірнеше есе пайда тапты.

Шетелдік шикізат алыптары отыз жылдың ішінде:

– қазақстандық мамандарды оқытуға,

– біздің азаматтарды компаниялардың басшыларына іріктеп алуға,

– шетелден сатып алынатын тауарларды бірлескен кәсіпорын құра отырып, осы жерден шығаруға мүмкіндік болмады ма?

Осыны қалай түсінуге болады?»,-делінген хатта.

«Ақ жол» Демократиялық партиясы шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға қойылатын сұраныстарды күшейту сұрайды. 

Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы:

1) барлық жер қойнауын пайдаланатын инвесторларды, қазақ жұмысшыларының еңбек құқықтарын, сонымен қатар жалақы деңгейін тексеріп, диспропорцияларды жоюды;

2) құзырлы органдардың өңірдегі еңбек нарығын мұқият зерттегеннен кейін ғана шетелдік жұмысшы квоталар бойынша ұсыныстарды қалыптастыруды, сондай ақ,

3) шетелдік инвесторлардан Қазақстанның ұлттық мүддесін сақтауды талап етеді.Еһ

Естеріңізге салсақ, Ақтөбедегі ірі мұнай компаниясының жұмысшылары жалақы өсіруді сұрап, бір апта бойына аязды күні далада тұрды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.