24-06-21 |
520 рет қаралған
Елімізде сотталмаған, жемқорлық жасамағандар ғана ауыл әкімі бола алады.
Елімізде сотталмаған, жемқорлық жасамағандар ғана ауыл әкімі бола алады

25 жасқа толған кез келген қазақстандық аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің немесе ауылдық округтің әкімі бола алады.

ОСК-да еліміз үшін жаңа сайлау өткізу ережелері түсіндірілді. Сонымен, бірінші кезекте, әкімдікке кандидаттың сотталмауы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы болмауы тиіс.

Лауазымға не саяси партиядан, не өзін-өзі ұсыну арқылы, бұл ретте округ немесе аудан сайлаушыларының жалпы санының кемінде 1% – ына қол жинауды қамтамасыз ете отырып, ұсынылуға болады.

Сайлауды аумақтық сайлау комиссиялары кемінде 40 күн бұрын тағайындайды және қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өткізеді. Оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, сайлау бір ай ішінде тағайындалады және өткізіледі. Жыл соңына дейін барлығы 755 әкім сайланады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.