28-10-21 |
520 рет қаралған
Қазақстанда цифрландыруға жауапты шенділер жұмысы сынға қалды.
Қазақстанда цифрландыруға жауапты шенділер жұмысы сынға қалды

Қазақстан президенті цифрландыру ісіне жауапты вице-министрлер жұмысын сынға алды.

 

Ол жыл соңына дейін цифрландыруға жауапты әрбір вице-министр үшін нақты KPI әзірлеуді талап етті және премьер-министрге олардың қызметіне қатысты ұстанымды қайта қарауды, кадрлық құрамына баға беруді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бизнес-қоғамдастық атсалыспай, жалпымемлекеттік «цифрлық секіріс» жасау мүмкін емес, ал компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі олардың цифрландырылу деңгейімен анықталады.

«Siemens» компаниясының бағалауы бойынша, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың 80 пайызында автоматтандыру деңгейі өте төмен, яғни Индустрия 2.0 деңгейінде. Естеріңізге сала кетейін, біз индустрия 4.0 дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Бұл – аса ауқымды мәселе. Оның талаптарына тұжырымдамалық жағынан да, практикалық тұрғыдан да нақты әрі лайықты жауап беру керек. Цифрлық шешімдерді қолдаудың тиімді құралдарын, ең алдымен, өңдеу секторында кеңейту керек, – деді мемлекет басшысы.

Президент отандық IT индустриясының бәсекеге қабілеттілігіне арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл саладағы барлық отандық бизнес ішкі нарыққа, көп жағдайда, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың сұранымдарына жауап беруге бағытталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.