15-07-20 |
590 рет қаралған
Шымкенттегі дәрігерлер флешмобы: «Министрлік мұндай флешмоб ұйымдастырған жоқ».
Шымкенттегі дәрігерлер флешмобы: «Министрлік мұндай флешмоб ұйымдастырған жоқ»

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова 13 шілдедегі қаралы күнде Шымкенттегі дәрігерлердің көше бойына тізіліп тұрыған видеосына қатысты пікір білдірді.

«Денсаулық сақтау министрлігі пандемия құрбандарын еске алуға арналған мұндай флешмоб бастаған жоқ. Менің ойымша, бұл әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Дәрігерлердің флешмобы медицина қызметкерлері қауымдастығының бастамасы. Денсаулық сақтау министрлігі ретіндегі біздің міндетіміз-санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Біз адамдардың арасында қандай әлеуметтік қашықтық болуы керек және міндетті түрде масканы кию тәртібі сақталуы керек екенін еске саламыз», – деді Бюрабекова ОКҚ өткен брифингте.

Оның пікірінше, жазалау мәселесі қарастырылмауы тиіс, себебі бұл азаматтардың жеке бастамасы.

«Өз қайғысын айтып, қаза тапқандарды еске алу әркімнің өз еркі. Менің ойымша, бұл жерде жазалау мәселесі тұрмауы керек», – дейді вице-министр.

Дәрігерлерді жол бойына тізіп қойған бас дәрігер жауапқа тартылады

Дәрігерлерді көшеге тізіп қойған бас дәрігер мәлімдеме жасады

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.